ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ
2012 жылғы, қаңтар
Мемлекеттік қызметке қалай түсуге болады
Саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметтен өту мәселесі Мемлекеттік қызметтен өту тәртібі туралы Ережесімен реттеледі.
2000 жылдың қаңтарынан бастап республикада мемлекеттің қызметке жіберілуі біркелкі азаматтардың конституциялық құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, мемлекеттік органдардағы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурстық іріктеу процесі енгізілді.
Конкурстарды ұйымдастыру және өткізу Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу Ережесіне сәйкес жүргізіледі.
Конкурстың бірқатар тізбекті кезеңдері бар:
* конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялау;
* конкурстық комиссияны құру;
* белгіленген біліктілік талаптарының сәйкестігіне конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдайды және талдайды;
* үміткерлерді тестілеу;
*әңгімелесу;
* конкурстық комиссияның қорытынды мәжілісі.
Ашықтылық пен жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында конкурс өткізуші мемлекеттік орган конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялауға міндетті. Орталық мемлекеттік органдарында және олардың аумақтық бөлімшелері мен ведомстволарында конкурс өткізу кезінде хабарландыруларды Қазақстан Республикасының барлық аумақтарына таралатын мерзімдік баспасөз беттерінде жариялайды. Жергілікті мемлекеттік органдарда конкурс өткізу туралы хабарландырулар әкімшілік-аумақтық бірлікке сәйкес келетін сол аумақта таралатын мерзімдік баспасөз беттерінде жарияланады.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азаматтар Ережеде көрсетілген құжаттарды конкурс өткізуші мемлекеттік органға тапсырады, олар конкурстық комиссияда қаралады.
Мемлекеттік қызметке орналасу кезінде біркелкі көзқарасты қамтамасыз ету және үміткерлерді конкурстық іріктеу кезінде бұдан да кеңірек таңдау үшін жағдай жасау мақсатында Типтік біліктілік талаптарын басшылыққа алады.
Конкурс туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тиісті мемлекеттік органға хабарландыруда көрсетілген мемлекеттік органның мекен-жайына ұсынады.
Ұсынылған құжаттарға талдау жасаудың негізінде конкурстық комиссия конкурсқа қатысушыны тестіден өтуге жіберу туралы шешім қабылдайды.
Әр конкурстың шарттарына сәйкес үміткерлер заңдарды білудің міндетті компьютерлік тестісінен өтуге тиісті.
Тестілеудің мақсаты үміткерлердің қабілеттілігіне әділ баға беру болып табылады.
Әкімшілік мемлекеттік лауазымдардың санаттарына байланысты түрлі тестілеу бағдарламасы қойылуға тиісті.
Қазіргі уақытта тестілеу бағдарламасында заңдарды білу, сондай-ақ, қисынды ауызша емес (санаттарына байланысты) сынақ түрлері бар.
Тестілеуге қатысуға жіберілген үміткерлер оны белгіленген тәртіппен Агенттікте немесе Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің аумақтық тестілеу орталықтарында, құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде өтеді.
Тестілеудің қашықтық жүйесі Агенттіктің орталық серверіне қосылған компьютерлерде өтеді, бұл тестілеу рәсімдері талаптарының бір ізділігіне және барынша шынайылығына кепілдік береді, конкурстық іріктеудің сапасын бақылауға жағдай туғызады.
Тестілерді қолданудың ең жоғары қалыптарын мүлтіксіз ұстану ықтимал мәселелер мен теріс пиғылдардан аулақ болуға және конкурстық іріктеуге қатысушының, жалпы мемлекеттік қызметшілер үшін және әрбір үміткерлер үшін олардың артықшылығын барынша пайдалануға мүмкіндік береді, бұл және барлығы үшін әділдік пен тең мүмкіншілікті қамтамасыз етеді. Тест бойынша алғашқы қадамдары табысты болған үміткерлер конкурстық іріктеудің келесі кезеңі - әңгімелесуге жіберіледі.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны, тестілеу өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органда өтеді.
Әңгімелесудің мақсаты - үміткерлердің кәсіби және жеке қасиеттеріне баға беру болып табылады.
Қорытынды мәжілісте конкурстық комиссия ұсынылған құжаттардың, тестілеу нәтижелерінің және өткізілген әңгімелесудің негізінде әкімшілік мемлекеттік лауазымның бос орнына орналасу үшін үміткерлерді іріктеуді жүзеге асырады. Тек бір ғана үміткер қанағаттанарлық қорытындыға ие бола алады, екінші үздік үміткерді кадр резервіне есепке алу үшін ұсынуы мүмкін.
Егер бос лауазымға орналасуға лайықты үміткерлер анықталмаған жағдайда, мемлекеттік орган қайта конкурс жариялай алады.
Конкурстық комиссияның қанағаттанарлық қорытындысын алған үміткер әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасу үшін заңда көзделген талаптарды сақтай отырып, конкурсқа шығарылған лауазымға ие болуға құқылы.
2012 жылғы 7 ақпан
Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппараты бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға конкурс жариялайды:
1. Аудан әкімнің бас инспекторы (Е-3, 1 бірлік).
Қызмет еткен жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы: 78 797 теңгеден 106 344 теңгеге дейін.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
Білімі жоғары, техникалық ғылымы және технология (көлік, көлік техникасы және технологиялар, құрылыс), әлеуметтану ғылым және бизнес (экономика), құқық (заңгерлік) салалары бойынша. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда. Ұйымдастыру техникасымен жұмыс істеу, мемлекеттік тілді білу.
Функционалдық міндеттері:
«Шығыс Ильинка» тұрғын алабының әлеуметтік - экономикалық жағдайы бойынша барлық өткізілетін іс – шаралар жөнінде аналитикалық ақпараттарды дайындау. Аудан әкімінің алап тұрғындарымен өзара әрекетін қамтамасыз ету. Жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға ықпал етеді. Елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру. Әлеуметтік аз қамтылған топтағы тұлғалармен жұмыс, тұрғылықты халықты жұмыспен қамтамасыз ету, арнайы әлеуметтік көмек көрсету бойынша аудан әкіміне ұсыныстар енгізу, жалғыз басты қарттар мен еңбекке жарамсыз азаматтарға үйіне қызмет көрсетуді ұйымдастыру. Ірі іс-шаралардың өтуіне ұйымдастыру жағынан ықпал ету. Аудан әкімінің баяндамасы бойынша құзыретіндегі нұсқау және аналитикалық ақпарат жинау. Атқарылған жұмыс бойынша ішкі кварталдық кіріспелік есебін дайындау. Тоқсан сайын тұрғын алаптың әлеуметтік – экономикасының жағдайы бойынша ақпарат дайындау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада берілген мерзімге сәйкес қарастыру.
2. Өндірістік - техникалық бөлімінің бастығы (Е-3, 1 бірлік).
Қызмет еткен жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы: 78 797 теңгеден 106 344 теңгеге дейін.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
Білімі жоғары, техникалық ғылымы және технология (көлік, көлік техникасы және технологиялар, құрылыс), әлеуметтану ғылым және бизнес (экономика, қаржы), құқық (заңгерлік, халықаралық қатынастар) салалары бойынша. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда. Ұйымдастыру техникасымен жұмыс істеу, мемлекеттік тілді білу.
Функционалдық міндеттері:
Бөлімге жалпы басшылық ету. Жарықтандыру, абаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру жұмыстары бойынша шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді. Жобалық және құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша мердігерлік ұйымдармен келісімді уақытылы рәсімдеу және оның орындалуын бақылау. Абаттандыру және құрылыс нысандары жұмыстарының уақытылы және техникалық жағынан сапалы орындалуын қадағалау. Атқарылған жұмыс актісін бақылауды іске асыру. Табиғатты қорғау полициясы мен Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, «Астана Горкоммунхоз» АҚ, «Астана Көгалдандыру» АҚ, «Қалалық жарық» МҚК, «Астана Тазарту» ЖШС, Астана қаласы Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасымен, мердігерлік ұйымдарымен қарым-қатынасын орнату. Мердігерлік жұмысының орындауына мердігерлікті анықтау үшін тендерлік комиссия құру. Әр ерекшелікке бюджеттік есеп беру үшін, бюджеттік өтінім дайындау. Аудан әкімінің баяндамасы бойынша құзыретіндегі нұсқау және аналитикалық ақпарат жинау. Атқарылған жұмыс бойынша ішкі кварталдық кіріспелік есебін дайындау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада берілген мерзімі бойынша қарастыру.
3. Әкімшілік – қаржылық бөлімінің бас маманы (Е-4, 1 бірлік).
Қызмет еткен жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы: 59 797 теңгеден 80 719 теңгеге дейін.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
Білімі жоғары, әлеуметтану ғылымы және бизнес (экономика, есеп жүргізу және аудит, маркетинг, қаржы және әлемдік экономика), құқық (заңгерлік) салалары бойынша.
Мемлекеттік қызмет өтілі орта кәсіби білімімен әлеуметтану ғылымы және бизнес (экономика, есеп жүргізу, аудит, қаржы және әлемдік экономика), құқық (заңгерлік) салаларында бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда жіберіледі. Ұйымдастыру техникасымен жұмыс істеу, мемлекеттік тілді білу.
Функционалдық міндеттері:
Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруын орындау барысында қазыналық және статистикалық басқарма, салық комитеті, экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті, қаржы департаментімен жұмыс істеу. Бухгалтерлік есептерді жүргізу, қаржыландыру бойынша және бюджеттік бағдарламалардың орындалуына талдау жасау, бухгалтерлік құжаттарды күнделікті жөндеу. Құжаттарды тіркеу, касса есебін жүргізу, жабдықтаушылармен келісімді рәсімдеу, өтінім жасау, есеп-шот рәсімдеу, карта-шоты бойынша екінші денгейдегі банктермен есеп айырысу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада берілген мерзімге сәйкес қарастыру.
Тестілеуге жiберiлген үміткерлер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер агенттiгiнде, құжаттарды тапсыру мерзiмi аяқталғаннан кейiн бес жұмыс күн iшiнде Абай даңғылы 33а үй, мекен-жайында өтеді. Бос лауазымдарға қабылдау тестілеу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңдарын, 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген ҚР Мемлекеттік қызметкерлерінің Ар-намысы кодексін білуге арналған және мемлекеттік тілді білу тестілерін қамтиды.
Конкурсқа қатысу үшін азаматтар төмендегі құжаттарды тапсыруы тиіс: толтырылған кадрлар есебі жөніндегі жеке іс парағы (тұрақты мекенжайы және байланыс телефондарын белгілеп), білімі туралы құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі, еңбек кітапшасының және жеке куәлігінің куәландырылған көшірмесі, белгіленген үлгі бойынша денсаулығы туралы анықтама қағазы /086/, 3 х 4 фотосурет /бір дана.
Әңгімелесуге жiберiлген үміткерлер оны Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімі аппаратында аталмыш конкурс бойынша тестілеуден өткеннен кейін бес жұмыс күні iшiнде өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында («Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде) соңғы жарияланғаннан кейін 15 күнтiзбелiк күн iшiнде мына мекен-жайға тапсырылуы тиіс: 010000, Астана қаласы, Сауран көшесі, 1, 304 каб.
Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппараты
Анықтама телефоны: 57-45-43