Әкім аппаратының Ережесі
«Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппараты»
Мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. «Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Аппарат) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, әкімшілік – аумақтық бірлік аумағындағы мемлекеттік мекеме болып табылады.
2. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Астана қаласы әкімі мен әкімдігінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Аппарат туралы ереже, оның құрылымы Астана қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.
4. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
5. Аудан әкімінің аппараты мекеменің ұйымдастырушылық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік тілде атауы жазылған мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдарында жеке теңгерімі мен шоттары бар.
6. Аппараттың толық атауы: «Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
7. Аппараттың мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Сауран көшесі, 1 үй.
2. Аппараттың құзыреті
8. Аппараттың негізгі қызметі Астана қаласы «Есіл» ауданы аумағының даму қажеттіліктер мен мүдделеріне сәйкес атқарушы билікте жалпы мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.
9. Аппарат заңнамаға сәйкес: Көрсетілген мақсатқа жету үшін:
1) ауданды дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, аудан бюджетін, оның ішінде аудан әкімі іске асыратын бюджеттік бағдарламаларды әзірлейді, әкімшілік – аумақтық бірлік бюджетінің орындалуы жөнінде есеп дайындайды;
2) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының нормаларын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік – құқықтық актілерінің орындалуына көмек көрсетеді;
3) аудан аумағында кәсіпкерлік қызмет пен инвестициялық ахуал дамуына жағдай жасайды;
4) азаматтардың өтініштерін қарап, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша шаралар қолданады, салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер жинауға көмектеседі;
5) әкімшісі болып табылатын Аппарат бюджеттік бағдарламалар әзірлеп, мәслихат бекіту үшін қала әкімдігіне ұсынады;
6) өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттейді;
7) әскери қызметке тіркеу және әскер қатарына шақырту, азаматтардың қорғаныс мәселелері жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
8) заңнамада белгіленген тәртіппен азаматтық жағдайлардың актілерін тіркеуді ұйымдастырады;
9) тарихи және мәдени мұраларды сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
10) халықтың әлеуметтік қорғалуы, гендерлік және отбасылық – демографиялық саясатты іске асыру, ана мен баланы қорғау мәселелерін шешіп, тұрмысы төмен азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетеді, олар қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
11) жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына және қоғамдық орындардың сыртқы безендірілуіне жәрдемдеседі;
12) мектепке дейінгі мекемелерді және мәдени мекемелерді материалдық – техникалық тұрғыдан қамтамасыз етуге көмектесіп, қолдау көрсетеді;
13) өз құзыреті шегінде суды пайдалану мәселелерін реттеу, абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықты, туысқандары жоқ азаматтарды жерлеу, зираттарды және басқа да жерлеу орындарын күтіп ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады.
10. Аппарат Қазақстан Республикасының заңнамасында жүктелген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
11. Өзіне жүктелген өкілеттікті орындау үшін Аппарат өз құзыреті шегінде аудандық мәселелердің шешілуін қамтамасыз етеді, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және басқа да нормативтік – құқықтық актілеріне сәйкес ауданның шаруалық және әлеуметтік қызметтеріне, аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелеріне жетекшілік етеді.
3. Аппараттың қызметін ұйымдастыру
12. Аудан әкімінің аппараты әкімінің ақпараттық – талдамалы, ұйымдастырушылық – құқықтық және материалдық – техникалық қызметін жүзеге асырады.
13. Аппаратты Қазақстан Республикасының Президентімен белгіленген тәртіп қызметіне тағайындалатын немесе сайланатын аудан әкімі басқарады.
14. Аудан әкімі тиісті әкімшілік – аумақтық бірлік аумағында тиіс әкімдіктің лауазымды тұлғасы болып табылады және оның атынан мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен сенімхатсыз қарым – қатынас жасайды, сондай – ақ Аппаратта сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету үшін жауапты.
15. Аудан әкімінің құзыреті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталады.
16. Аудан әкімі мемлекеттік органдармен, түрлі меншік нысанындағы ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және азаматтармен азаматтық-құқықтық арақатынасқа түсуге құқығы бар.
17. Аудан әкімінің өз құзыретіне жататын, белгіленген тәртіптер қабылданған мәселелер жөніндегі шешімдері барлық ұйымдар мен лауазымдық тұлғаларға және әкімшілік – аумақтық бірлігінің аумағында тұратын азаматтардың орындауларына міндетті болып табылады. Аудан әкімінің шешімдері өкім және шешіммен ресімделеді және аудан әкімі қол қояды.
18. Аудан әкімі болмаған жағдайда, оны аудан әкімімен жүктелген міндеттерді атқаратын бір орынбасар алмастырады.
19. Аудан әкімінің орынбасарларын, аудан әкімі аппаратының басшысын конкурстық комиссиясының ұсынысы бойынша аудан әкімі қызметіне тағайындайды. Аудан әкімінің орынбасарлары «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудан әкімі лауазымдарынан босатылады.
20. Аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы өз қызметтерін аудан әкімі бөліп белгілеген міндеттерге сәйкес жүзеге асырады, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді, әкімге бағынады және есеп береді.
21. Аудан әкіміне жүктелген қызметтерді орындау үшін Аппарат құрамындағы бастықтары бар бөлімдер, құрылымдық бөлімшелері ұйымдастырады.
22. Аппараттың бөлім бастықтары мен Е-3, Е-4, Е-5 санаттағы мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер конкурстық комиссиясының ұсынысы бойынша аудан әкімі қызметіне тағайындалады. Аппарат бөлімдерінің басшылары мен мемлекеттік қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес аудан әкімі қызметтерінен босатады.
23. Осы Ережеден туындаған мәселелерді дайындау және қарастыру тәртібі аудан әкімі аппаратының басшысымен реттеледі.
4. Аппарат мүлкін қалыптастыру және қаржыландыру тәртібі
24. Аппарат мүлкі мемлекеттік меншік болып табылады және жедел басқару құқығына жатады.
25. Мүлік:
1) бюджеттік қаражаттардан;
2) жедел басқаруға берілген мүліктен;
3) Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес басқа да көздерден қалыптасады.
5. Аппараттың жауапкершілігі
26. Аппарат өз міндеттері бойынша өзінің иелігіндегі ақшалай қаражатқа жауап береді.
27. Шарттық міндеттемелер бойынша жауапкершілік заңнамаға сәйкес, Аппаратты ұстауға арнап бекітілген смета шегінде басталады.
28. Аппаратпен жасаған азаматтық-құқықтық мәмілелер Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіпте тіркелуге жатады.
6. Аппаратты қайта құру және тарату
29. Аппаратты қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
30. Аппарат қайта құрылған немесе таратылған жағдайда мүліктерді пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес белгіленеді.